389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жыл басынан бері жолаушы автобусының қатысуымен 5 апат тіркелді

  • 87
  • UPD: 10:57, 11.10.2019

Жыл басынан бері қарай мұнайлы өңірде автобустар себеп болған 5 жол апаты тіркелген.

Салдарынан 3 адам қайтыс болып, 20 жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Оған қоғамдық көлік жүргізушілерінің қалыптасқан ережелерді сақтамауы себеп. «Атап айтқанда жылдамдық арттыру, жолға таласу секілді келеңсіздіктер қайғылы аяқталады» дейді тәртіп сақшылары. Осыған орай  республикалық «Автобус» апталығы аясында жергілікті полиция басқармасы рейдтік шара ұйымдастыруда. Оның алғашқы күнінде автобустарға қатысты 2 ереже бұзушылық анықталыпты.  Апталық 17 қазанға дейін жалғасады

Бауыржан Сәрсекенов, жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы:

- Жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілерінен сұрайтынымыз: жол ережесін бұзбауды, оның ішінде қарсы бағытқа шықпау және жылдамдықты асырмау. Және де жолаушыларды түсіріп-мінгізу  кезінде аранйы аялдамаларға тоқтауын сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы