389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жемқорлықпен күресте Қытаймен тәжірибе алмаспақ

  • 125
Қазақстан жемқорлықпен күресте Қытаймен тәжірибе алмаспақ

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Бүгін Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев ҚХР Мемлекеттік қадағалау комиссиясының төрағасы Ян Сяодамен кездесті. Жиында Агенттік төрағасы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары туралы баяндады. Ал қытайлық әріптесі саладағы мемлекеттік қадағалау комиссиясының жетістіктерімен бөлісті. Кездесу аясында тараптар Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек әріптестікті нығайту мақсатында екі жақ Агенттік қызметкерлерін Қытайдың Тәртіптік бақылау және қадағалау академиясында оқыту мәселесін талқылады.

Хабар 24 телеарнасы