389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызмет түрлерін әлеуметтік желі арқылы алуға болады

  • 129
  • UPD: 18:02, 12.10.2019
Мемлекеттік қызмет түрлерін әлеуметтік желі арқылы алуға болады

Қазақстандықтар енді мемлекеттік қызмет түрлерін әлеуметтік желі арқылы ала алады. Мәселен, Telegram-бот, Facebook және «ВКонтакте» месенджерлері арқылы 60-қа жуық қызмет түрін алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезекті болдырмау мақсатында жаңа жобаны іске қосты. Осы орайда корпорацияның Түркістан облыстық филиалы жаңа жобаны халыққа үйретуді бастап кетті. Ұялы байланыс телефоны арқылы қажетті анықтаманы алу үшін алдымен мобильді азаматтар базасына тіркелу керек. Сосын ыңғайлы танымал әлеуметтік желілердің чат-боттары арқылы виртуалды кеңесшімен ақылдаса отырып, қажетті анықтаманы алуға болады. Барлығы қарапайым әрі тез. Бүгінгі күні Telegram-бот желісі арқылы 25 мемлекеттік қызмет түрі алынады. Ал Facebook-те 15, «ВКонтакте» жүйесінде 19 қызметтің түрі қолжетімді.

Бекзат Құлмағамбет, қала тұрғыны:

- «Еgov. Кз» деген бағдарлама бар, сол арқылы үйімде отырып, қызметтерді ала аламын. Мекен-жай анықтамасы, атында мүлкі жоқ, зейнетақы құжаты сияқты қызметтерді алып, үйде жұмыс істей беремін. ФБ желісінде көп отырамын, сол желіден аламын.

Құндызай Әбдірахманқызы, «Азаматтарға Арналған Үкімет» МК» КЕАҚ ОФ Түркістан қалалық 1-бөлім басшысы:

- Қазір барлық адамдар әлеуметтік желіде отырады. Сондықтан бізде қанатқақты жоба ретінде Telegram-бот, Facebook пен «ВКонтакте» әлеуметтік желілері арқылы енгізілді. Бір айдың ішінде сұранысқа ие болғандықтан осындай нәтижеге жетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы