385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда құбыр жарылуынан болатын апаттың алдын алу мүмкін болмай тұр

  • 226
  • UPD: 00:14, 16.10.2019

Алматыда таяуда құбыр жарылып, көлкіген ыстық судың көшені алып кеткенін көрсетіп едік. Бүгін тағы жылу құбыры жарылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Бірақ көлік тұрағындағы бірнеше темір тұлпарға зақым келген. 

Бүгін таңертең жылу құбыры жарылып, жүздеген литр ыстық су сыртқа төгілді.Қысымның жоғары болғаны соншалық құбыр жарылған жердің тас-талқаны шықты. Соның  салдарынан жақын маңдағы  автотұрақта тұрған  көліктерге зақым келген.

Ерболат Омаров, қала тұрғыны:

- Осында автотұраққа көлігімді қоятын едім. Бүгін мені жолдан келген едім,  шақырып, көлігіңіз судың астында қалды. Осындай жағдай болды деп шақырды мені осында. Келіп қарасам, көлігімнің біраз жерін тас ұшқан жерлері, әйнек сынған  жерлері бар екен. 

Осылай ондаған көліктің  әйнектері шағылып, ішіне ыстық су кірген. Сондықтан, таң атқалы бері бұл жерде жол полициялары мен бағалаушылар жұмыс істеп жатыр. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр.Көлік иелеріне «Алматы жылу желілері» мекемесі заңға сәйкес өтемақы төлейді-дейді, Алматы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының өкілі Ян Гирин.

Ян Гирин, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының ресми өкілі:

- Бұл 1997 жылы  пайдалануға берілген ескі құбырлар. Бұлардың пайдалану мерзімі өтіп барады.  Жуырда ғана біз жылу маусымына дайындық барысында  барлық  құбырларды тексеруден өткізген болатынбыз. Ешбір ақау байқалмаған еді. Әрине, бұл айтып келмейтін төтенше жағдай. 

Ян Гириннің айтуынша, қаладағы құбырлардың дені ескірген. Сондықтан мұндай апаттың алдын алу кейде мүмкін болмай жатады. Апта басынан бергі бұл екінші жағдай екенін ескерсек, алматылықтарға абай болу керек екенін тағы бір еске салуға тура келеді.

Авторлары: Алуа Маханбет, Владимир Бовкис, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы