387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында бір күнде 19 мың түп ағаш отырғызылды

  • 174
  • UPD: 18:54, 16.10.2019
Жамбыл облысында бір күнде 19 мың түп ағаш отырғызылды

Игі шараға өңірдің 10 ауданының тұрғындары жаппай қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы ортақ істен жиі тыс қалатын шалғай елді мекендер де қамтылды. Жалпы саны 98 ауыл атсалысып, 18 мыңнан астам адам жұмылды. Әсіресе, мойынқұмдық ардагерлер мен жастар белсенділік көрсетті. Олар «Жаз ата», «Жасыл ел» саябақтарына мыңдаған көшет егіп өз үлестерін қосты. Негізінен қарағай, терек, емен, шырша, арша сияқты тал түрлері егілді. Қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру бағытындағы бұл бастама бір реттік емес. Аймақта ормандарды және жабайы жануарлар дүниесін қорғау бағытында арнайы мехнизм іске қосылған.

Шәріп Дәулетбаев, ардагер:

- Тал ектік. Оны суардық. Жағдайын жасадық. Осыны біз қадірлеп алып қалуымыз керек. Осы талдар өсуі керек. Бір тал кессең, он тал ек дейді. Әлі де қажет. Тал егу керек.

Хабар 24 телеарнасы