389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар ақысы төленетін 5 күнге демалысқа шыға алады

  • 260
  • UPD: 15:12, 17.10.2019
Қазақстандықтар ақысы төленетін 5 күнге демалысқа шыға алады sn.kz

Қазақстан азаматтарына скринингтен өту үшін ақысы төленетін қосымша 5 күнге дейін демалыс берілмек. Мұндай норма «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасының жаңа редакциясында қарастырылған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Кодексте жұмыс берушінің жауапкершілігі де қарастырылып отыр. Олар қызметкерлеріне скринингтен өту үшін 5 күнге дейін ақысы төленетін демалыс береді. Барлық азаматтардың белгілі бір скринингтен тегін өтуге мүмкіндіктері бар. Балаларды жыл сайын медициналық тексеруден өткізу де қарастырылған. Жұмыс беруші ақысы төленетін демалыс беруге міндетті. Оны орындамаған жағдайда жұмыс берушіге айыппұл салынады», - деді Мәжілісте аталған кодекс жобасын таныстырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Осы орайда министр жұмыс беруші қызметкерін скринингтен өту үшін ақысы төленетін демалысқа жібермесе, қайда шағымдануға болатынын айтты.

«Заң бойынша осындай жауапкершілік енгізілгеннен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек құқықтарын қорғау, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің сапасын бақылау салаларындағы комитеттеріне шағымдануға болады», - деді министр.



Хабар 24 телеарнасы