388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да бұрын қылмыстық жауапқа тартылғандар басшылық қызметте жүр

  • 164
  • UPD: 14:06, 18.10.2019
БҚО-да бұрын қылмыстық жауапқа тартылғандар басшылық қызметте жүр

Батыс Қазақстан облысында 389 мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме-кәсіпорын болса, соның 11-інде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар басшылық қызметте екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы мониторингі кезінде анықталыпты. 11 адамның бірі бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталса, қалғанына қатысты қылмыстық іс кінәсін мойындауына немесе татуласуына байланысты қысқарған. Мұндай басшылар білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария және спорт саласында лауазымды қызмет атқарып жүр. Қазір тиісті шара қолдану үшін қолда бар материал облыс әкімдігінің аппаратына және мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолданыпты.

Нұрдәулет Сәмет, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Кейбір жағдайда қылмыстық жауапкершілік тартылғанымен, заң оларға жұмыс істеуге рұқсат беруі мүмкін. Негізінде біздің пікірімізше, алдында қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа тартылған адам болса, ол мемлекеттік қызметте басшылық етуі дұрыс емес деп ойлаймын. Ол өзінің бағынышты қызметкерлеріне үлгі бола алмайды.

Хабар 24 телеарнасы