387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда 208 шақырым қалаішілік көлік жолы қыс мезгіліне дайын

  • 151
  • UPD: 09:17, 21.10.2019
Ақтауда 208 шақырым қалаішілік көлік жолы қыс мезгіліне дайын

Каспий жағасындағы қаланың көлік жолдары қыс мезгіліне дайын.

Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев мәлімдеді.

Оның айтуынша, шаһар аумағындағы жолдардың күтімі мен тазалығына екі кәсіпорын жауапты. Коммуналдық мекемелердің арнайы мақсаттағы көлік паркі 38 техникадан тұрады. Ақ ұлпа қар түскен мезгілде тәулік бойы жолға төселетін 240 тонна тұз бен 1500 шаршы метр жерді қамтитын қиыршық құм қоры бар.

Айта кетейік, бұл жұмыстар Ақтаудың ойлы-қырлы бөлігінде орналасқан шағын аудандарда бірінші кезекте жасалады.

Жетібай Құбашев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Қыс мезгілінде қаланы төрт секторға бөлеміз. Спуск-подъем делінетін жерлеріміз бар, сосын орталық көшелерге тұз төсейміз, құмын араластырып. Қысқа дайындықты қанағаттарлық деп есептеймін. Қазіргі уақытта самосвалдар бар. Автогрейдерлер, эсковаторлары бар. Жүк тиегіштері бар, бәрін де дайындап қойдық. Былтырғы және алдыңғы жылдары да қыс мезгілінде техникадан ешқандай жетіспеушілік болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы