388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін қандай тұрғын үйлер пайдалануға беріледі

  • 122
  • UPD: 09:56, 21.10.2019
Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін қандай тұрғын үйлер пайдалануға беріледі

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шаһар басшысы А.Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысқан.

«Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көшесі қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қала әкімі А. Көлгінов құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне барды (Сарыбұлақ өзенінің бойындағы Тілендиев даңғылы).

Аталған тұрғын үй кешенінің кілттерін 530 адам алады. Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына да беріледі. Тапсыру мерзімі – 2020 жыл.

А.Көлгінов атап өткендей, ғимаратқа барлық инженерлік желілер жүргізілген, аумағы абаттандырылғанда ғана, яғни толығымен дайын болған кезде үйді пайдалануға берілмек.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен тапсырылған пәтерлердің жалпы саны 2400 құрайды.

Келесі жылы тұрғын үй көлемі 3 есеге артады.

Хабар 24 телеарнасы