384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы дәрігерлер мен мейіргерлердің жалақысы қалай өседі

  • 583
  • UPD: 16:48, 21.10.2019
2020 жылы дәрігерлер мен мейіргерлердің жалақысы қалай өседі

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыру шеңберінде осы жылдың 1 маусымынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Жаңа бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін медициналық қызметтердің тарифтерін өсіру есебінен медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 1-ден 2,5 есе жоғары ету көзделген», – деді Елжан Біртанов Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға, мейіргерлердің жалақысын 20 пайызға ұлғайту ұсыныстары қолдау тапқан.

Хабар 24 телеарнасы