388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер ашуға булыққан бәзбіреулерден таяқ жемеуі тиіс – Депутат

  • 127
  • UPD: 22:50, 21.10.2019

2020 жылдан бастап электронды рецепт міндетке айналады. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2018 жылы дәрі-дәрмекпен тегін қамту ісі орталықтандырылған электронды жүйеге қосылды. Сондай-ақ сату, сатып алу ісі де цифрландырылды. Осының арқасында 2019 жылы дәрі-дәрмекті жеткізу бағасы 40 процентке дейін төмендеген. Министрдің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға, мейірбикелердің жалақысын 20 пайызға ұлғайту ұсыныстары қолдау тапқан. Атқарылып жатқан жұмыс жоқ емес. Дегенмен, депутат Серік Бектұрғанов салада заң тұрғысынан реттелмеген тұстар бар екенін атап өтті.

Серік Бектұрғанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Соңғы кезде қоғамда екі түрлі мәселе қызу талқыланып жатыр. Оның бірі қызметтегі дәрігерлердің қаупіпсіздігі. Яғни адам өмірі үшін арпалысып жүрген абзал жандар ашуға булыққан біреулерден таяқ жемеуі керек. Жауапты органдар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Екіншісі, дәрігер қателігі. Әрине дәрігер өз қателігі үшін жауап беруі керек. Біз осыған қатысты нақты заң әзірлеуіміз керек. Дәрігер қандай қателігі үшін қандай жауапқа тартылады. Мүмкін сақтандыру жүйесін енгізіп, қателескен жағдайда өтемақы төлеу мәселесін қарастыру керек болар.

Хабар 24 телеарнасы