387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» арнасының көмегімен кәсіпкердің құқығы қорғалды

  • 130
  • UPD: 21:25, 22.10.2019
«Хабар 24» арнасының көмегімен кәсіпкердің құқығы қорғалды

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

Естеріңізге сала кетейік, біздің арнадан елордада өткен жәрмеңкеде өнімдерін саудалау үшін бизнес өкілдері бірқатар заңсыздықтарға тап келгендігі туралы бейнематериал көрсетілген болатын.

Атап айтқанда, кәсіпкер Мейрам Медресов жергілікті билік органдарының кедергісіне тап келгенін айтып шағымданған еді. Ол әкімдік өкілдерін өз бизнесінің одан әрі қанат жаюына кедергі келтірді деп кіналаған болатын. Бұл іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері араласып, мән-жайдың ақ-қарасын анықтады. Шұғыл жиын өтіп, онда кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі көтерілді. Белгілі болғандай, кәсіпкерлерден жәрмеңкеден орын алу үшін ақша талап етілген. Сондай-ақ бизнес өкілі кейбір құжаттарын заңдастыра алмаған. Бүгінде осы мәселелердің бәрі сәтті шешілді.

Мейрам Медіресов, кәсіпкер:

- Біздің қажетті құжаттарымызға қол қойылмады. Инвестицияға қатысты ұсыныстарымызды қараудан да бас тартты. Анығын айтқанда, біздің жұмысымызға біраз кедергі келтірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі араласқан соң жағдай мүлдем өзгерді. Енді біздің жобамыз қайта қаралатын болды. Қазір оның тұсаукесеріне дайындалып жатырмыз. Ешқандай кедергі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы