423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


GGGI Қазақстанды өз қатарына қосылуға шақырды

  • 695
  • UPD: 08:36, 25.10.2019

Жаһандық жасыл өсім институты Қазақстанды өз қатарына қосылуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сеулде ұйымның бас директоры Франк Рийсберман мәлімдеді. Оңтүстік Кореяда осы апта «жасыл» деп аталды. Форумға GGGI-ге мүше барлық 33 мемлекеттің өкілдері қатысты.

Жасыл форумда кез келген мәселеге мән берілген. Мысалы, ұйымдастырушылар энергия үнемдеу жолдарын өз тәжірибелерінің негізінде көрсетті. Түскі ас кезінде қонақтарға тек жергілікті өнімдерден жасалған тағамдар ұсынылды. Яғни оларды Сеулге апарудың, отын жұмсап, ауаны ластаудың қажет еместігін түсіндіргені. Аспаздар тек жаңа піскен көкөністер, жемістер мен етті пайдаланды. Бұдан түйетініміз, әлгі заттарды сақтауға электр энергиясы жұмсалмаған.

Владислав Цой, тілші:

– Жасыл форумды ұйымдастырушылар тіпті қағаз пайдаланудан бас тартты. Қажетті құжаттар қатысушыларға тек электронды пошта арқылы жіберілді. Үнем бе? Үнем! Мұнда пластиктен және ағаштан жасалған бұйымдар мүлде жоқ. Тіпті орындықтар мен үстелдер де картоннан жасалған. 

Оңтүстік Кореядағы жасыл аптаны Жаһандық жасыл өсім институты ұйымдастырған. Оны Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун басқарады. Институт оған мүше елдердің үкіметтеріне Париж климаттық келісімінің міндеттемелерін орындауға қолдау көрсетеді. Сеулде GGGI-ге мүше елдердің жасыл саясаты қарастырылды. Мысалы, Индонезия атмосфераға тасталатын шығарындыларды екі мың отызыншы жылға дейін отыз процентке қысқарту туралы жоспар құрды. Ел астанасы Джакартада метро салынғанына қарамастан, олар машиналарды электрокөліктерге ауыстыруға және көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын жабуға асығар емес.

Елена Решетова, Сингапур энергетикалық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:

– Индонезия - әлемдегі көмірді ірі экспорттаушылардың бірі. Ел экономикасы негізінен көмірге сүйенеді. Осы ресурстарды ондаған жылдар бойы мемлекеттік ірі компаниялары пайдаланады. Сондықтан оларды жай алып тастауға, жабуға немесе жоюға болмайды. Себебі осы салада мыңдаған адам жұмыс істейді. Мемлекеттің саяси және экономикалық мүдделері де бар.

Ғаламдық институт мүше елдерге жасыл экономиканы дамыту үшін инвесторларды табуға көмектеседі. Бұл туралы барлық ақпаратты жеті жыл бұрын құрылған сайттан алуға болады.

Бенджамин Смит, жасыл өсімі білім платформасының аға маманы:

– Ақпарат алмастық, озық тәжірибе, сәтті зерттеулер жайында мағұлмат алдық. Үйренуге мүмкіндік береді. Менің түсінігімде мұндай форум бүкіл әлемде жасыл экономика саласында не болып жатқанын көрсетеді.

Порталда Қазақстан туралы акпарат та бар, бірақ ескіріп қалған мәліметтер. Елорданың жаңа атауы да жазылмаған. Ал халықтың жан басына шаққандағы парниктік газдардың жиынтық шығарындылар туралы мәліметтер де толықтырылмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш он бес метрлік тоннадан асты.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы