384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда кісі өлімі үшін сотты болған соғыс ардагері қайтыс болды

  • 188
  • UPD: 10:13, 27.10.2019
Қостанайда кісі өлімі үшін сотты болған соғыс ардагері қайтыс болды

Қостанайда кісі өлімі үшін сотталған Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері 94 жастағы Иван Сухоруков қайтыс болды, деп хабарлайды Тенгри ньюс alau.kz сайтына сілтеме жасап.

2018 жылы тамызда Затобольск тұрғыны 94 жастағы Иван Сурков әйелінің 80 жастағы інісін өлтіргені үшін сотталған. Соғыс ардагеріне екі рет үкім өзгертілді. Басында оған бостандығын шектеу жазасы кесілді, сосын түзету мекемесінде нақты уақытқа сотталған, ал кейін қайтадан бостандығы шектелді. Биыл Жеңіс күні қарсаңында ол мерзімінен бұрын бостатылған еді. 5 қазанда құлап, аяғын сындырған. Таңда Иван Владимирұлы пансионатта қайтыс болды. Онда оған жарақаттан кейін көмек көрсетіліп жатқан еді. 

«Ол түнде ұйықтап жатқан уақытта жүріп кеткен», – деді соңғы бір жарым жыл ардагерге қараған Ольга Некарасова. 

Иван Сурковтың есімі 2019 жылы Жеңіс күні қарсаңында бүкіл Республикаға танылды, сотталушылар ардагерді құттықтап, концерт қойды.

Ардагер 1925 жылы Қостанай ауданының Янушевка кентінде дүниеге келген. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін» екі медальмен марапатталған, 12 мерейтойлық медальға ие болды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.

Хабар 24 телеарнасы