376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Диагнозы елде сирек кездесетін науқасқа операция жасалды

  • 294
  • UPD: 22:15, 29.10.2019

Диагнозы елде сирек кездесетін науқасқа шымкенттік дәрігерлер бірегей операция жасады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Мұнда жүкті әйелдің қолқасы қатпарланған екен.

Күрделі операциядан кейін Ақмаралға орнынан тұрып-жүру оңай емес. Алайда хирург-дәрігерлердің кәсібилігі мен отадан кейінгі медеуінің арқасында қазір ол бейнекамера алдында күлімдеп тұр. Абзал жандар тек Ақмаралға емес, оның сәбиіне де екінші өмір сыйлады.

Эльмира Атабаева, Түркістан облысының тұрғыны:

– Бұрын бірден болды. Сәл қысылып, тұратын едім. Бүйтіп ауыруды білмейтін едім. Осы жердегілерге рақмет.

Осылайша, Ақмарал өмірінде бесінші баласын дүниеге әкелді. 39-аптасында дәрігерлер кешенді медициналық тексеруден кейін науқасқа «қолқаның жіті қатпарлануы» деген диагноз қойды. Елде өте сирек кездесетін жағдай. Бірақ отандық мамандар кәсібилік танытып, кесар тілігін жасап, жүрегіне алты сағаттық операцияны сәтті жасап шықты.

Ермағанбет Қуатбаев, қалалық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері:

– Жалпы күрделігіне байланысты шешім қабылдап, денсаулық сақтау басқармасымен үлкен консилиум жасалады деген оймен операцияға алдық. Операция 2 кезеңнен тұрды. Бұл науқасты босандырып, жоғары мәртебелі дәрежеде жасап, ота сәтті өтті.

Қазіргі таңда Ақмаралдың ағзасы тұрақты негізде қалыпқа келіп жатыр. Ал дүние есігін ашқан Асланның денсаулығынан абырой болғанда ақау анықталмады. Әзірше бала №2 облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында.

Тоқжан Қошанбаева, №2 ОПО жүкті әйелдер патологиясы бөлімінің меңгерушісі:

– Эльмира бізге 24 қазанда түсті. Орталық қысым жоғарылауына байланысты қатты ауырсыну сезімі туралы айтты. Күмәнданып, кардиологтар тексеру үшін кардио орталыққа жіберіп, УЗИ-мен орта ыдырауын анықтады, баланы босандырып алу деген шешім қабылдады.

Бүгінде Ақмаралдың денсаулығы бірқалыпты. Міндетін абыроймен орындаған дәрігерлеріне де айтар алғысы шексіз. Операциядан кейінгі қалыпқа келу ауыртпашылығы туған баласын көруге асыққаннан әлдеқайда жеңіл дегенді айтады, Ақмарал. Өйткені дүниеге әкелген сәбиін әлі көрмеді. Бірақ қауышар сәт ауылы алыс емес.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы