384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 6 млн адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы атанды

  • 144
  • UPD: 10:53, 01.11.2019

6 млн астам адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы. Бұл 2019 жылдың соңғы 9 айының қорытындысы. 

Осы азаматтар үшін Мемлекеттік қорға 183 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер түсті. Оның 146 миллиарды 707 мың қазақстандыққа берілді. Ең көп сома бір жасқа толған баланың күтімі үшін үлестіріліпті. Жәрдемақы көлемі 67 млрд теңгеге жуық.  Содан кейін 58 жарым миллиард теңге жүктілік және баланың тууына байланысты берілген. 10 млрд теңгедей ақша еңбекке жарамсыз адамдарға аударылса, асыраушысынан айырылғандарға 7 млрд теңге, ал жұмысын жоғалтқандарға 3,3 млрд теңге төленді.

Хабар 24 телеарнасы