423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жастар саясатын қаржыландыру көлемі артты

  • 992
  • UPD: 13:50, 04.11.2019

Биылғы Жастар жылы аясында еліміз бойынша жалпы шаралармен 2 миллионнан астам жас қамтылды.

Бұған  жоғары білім алуға арналған гранттар мен стипендиялар және тегін жатақханалар кіреді.  Осы жылы арнайы шаралармен 722 мың адам немесе елдегі әрбір бесінші жас қамтылған.  Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда жастар саясатын қаржыландыру көлемі 40 есеге өскен. Бұл туралы Мәжілісте өткен «Үкімет сағатында» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Бүгінде Қазақстанда 3 миллион 800 мыңнан астам жас бар.  Жастар жылы аясында мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын жүйелендіру үшін Үкімет Жол картасын қабылдады. Биыл үш ірі мегополисте 3 мың пәтер жалға беріледі. Алдағы 3 жылда осындай 9 мың пәтер үлестірілмек. Ал 2019-2021 жылдары «Жастар тәжірибесі» жобасына қатысушылар санын 30 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы