419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастар жылы аясында 3 мың жас баспаналы болады

  • 947
  • UPD: 17:39, 04.11.2019

Биыл Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін 3 мың жас баспаналы болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пәтер оларға 5 жыл мерзімге жалға беріледі. Ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы Жастар жылының қорытындысы мен Волонтер жылын өткізуге дайындық туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті. Министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерге құжаттар қабылдау бүгіннен басталды. Ал алдағы 3 жылда осындай 9 мың пәтер беріледі. Сондай-ақ «Жастар - ел тірегі» ұлттық жобасы 3 жылда 1 млн жасты қамтымақ.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Жастар жұмыссыздығымен байланысты проблемаларды шешу үішн «Жас кәсіпкер», «Жас маман» жобаларын қоса алғанда бірқатар бағдарламалық шаралар көзделген. «Атамекен» палатасының жас кәсіпкер жобасы аясында 20 мың адамды оқытуға 1,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаның шаршы бойынша білім алушылардың кемінде 230 проценті бизнесін іске қосуы тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды Волонтер жылы деп жариялады. Бұл жастар жылының жалғасы іспетті. Бүгінде республикада 200-ден астам еріктілер ұйымы бар. Волонтерлік қозғалыспен 50 мыңнан астам адам қамтылған. Алайда Мәжіліс депутаттары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылуында берген кейбір тапсырмалары әлі де орындалмай келе жатқанын айтты.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламаенті Мәжілісінің депутаты:

– «Дипломмен ауылға» бағдаралмасы бойынша ауылға жұмысқа баратын жас мамандарға бір жолғы берілетін жәрдемақыны 70 АЕК 100 АЕК дейін көтеру туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың орындалуы мәз емес. Бұл жөнінде жергілікті бюджет есебінен көтеру туралы Үкіметтің қаулысы болған. Зерттеп қарағанда бұл мәселе шын мәнінде толық шешімін таппаған.

Дәурен Абаев, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– 89 жобаның ішінде 13-ін орындадық. Қалған 76 жобаны біз алдағы 2-3 жылда орындаймыз. Сондықтан бағдарламаның нәтижесін бүгін айтпай, 1-2 жылдан кейін де айтуға болады деп ойлаймын. Жастардың проблемасын 3 жылда толық шешіледі деп айтуға болмас. Бірақ осы мәселені шешуге барлық күш-жігерімізді саламыз.

Хабар 24 телеарнасы