417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде апатты үйлерде 500-ге жуық адам тұрып жатыр

  • 669
  • UPD: 20:22, 04.11.2019
Семейде апатты үйлерде 500-ге жуық адам тұрып жатыр

Семейде көп пәтерлі 22 тұрғын үй апатты деп табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың пікірінше, олардың барлығы сүрілуі тиіс. Ең көне ғимарат бір ғасыр бұрын, 1900 жылы салыныпты. Бұл баспаналардың апатты екені туралы тұрғын үй инспекциясы осыдан 5 жыл бұрын шешім қабылдап, дабыл қаққан. Алайда қауіпті болса да, осы үйлерде 500-ге жуық адам тұрып жатыр. Өйткені мәселені шешуге арналған нақты мемлекеттік бағдарлама жоқ, ескі ғимараттар жөндеуге келмейді. Кейбір жеке құрылыс компаниялары ескі үйлерді сатып алып, орнына жаңа баспана салады. Алайда өкінішке қарай, оларды тек орталықтағы нысандар ғана қызықтырып отыр.

Светлана Заурбекова, қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары:

– Ескі үйлерді сүріп, жаңасын салу бойынша қалалық бюджетте қаржы қарастырылмаған. Облыстық қазына да ондай ақша бөлмейді. Өйткені арнайы бағдарлама жоқ. Осылайша апатты үйлер мәселесінің түйіні тарқамай тұр.

Хабар 24 телеарнасы