384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда болған атышулы жол апатына кінәлі жүргізуші заң алдында жауап береді

  • 189
Атырауда болған атышулы жол апатына кінәлі жүргізуші заң алдында жауап береді

Атырауда орын алған жол апатына кінәлі жүргізуші бостандықта жүр деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, қазан айында көшеде жарыса құйындатқан автокөлік апатынан 17 жастағы бозбала көз жұмған болатын. Оқиға көптің арасында наразылық туғызды. Жұртшылық оқиғаға кінәлілер жауапкершілктен жалтарып кете ме деп қауіптенеді. Әсіресе әлеуметтік желілерде алыпқашпа әңгімелер көбейген. Алайда, бүгін құзырлы органның ресми өкілі оны жоққа шығарды.

Назымгүл Қайсағалиева, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Мамандандырылған тергеу сотының қаулысы негізінде «Тойота-камри» көлігінің жүргізушісі ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Ол бостандықта жүр деген ақпарат шындықққа жанаспайды. Егер беймәлім топтардан осындай ақпарат тараған жағдайда, өз парақшаңызда немесе әлеуметтік желіде онымен бөлісуге асықпаңыз. Өйткені, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілік жүктейді.

Хабар 24 телеарнасы