388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Жұмабек Кенжалин атындағы зертхана ашылды

  • 235
  • UPD: 19:19, 09.11.2019

Алматыда танымал журналист, белгілі публицист Жұмабек Кенжалин атындағы «Баспасөз және жаңа медиа» оқу-шығармашылық зертханасы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты шараға марқұмның ұстаздары, достары мен әріптестері жиналды. Еңбек жолын Социалистік Қазақстан газетінде бастаған Жұмабек Кенжалин «Ақиқат» журналының, «Халық кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бас редактор болып қызмет атқарды. Журналистика факультетінің мақтан тұтар түлектерінің бірі. Ол «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Елжандылық мұраты және баспасөз беделі» секілді көптеген кітаптардың авторы.

Бауыржан Жақып, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Үшінші курста қалалық кеңестің депутаты болды. Студент болып жүріп. Ерте танылды. Қаламы төселген керемет журналист. Өзінің жазған дүниелері жинақталып, бірнеше кітап болып шықты. Болашақ журналистика факультетінің түлектері осы Жұмекеңе қарап бой түзейді деп ойлаймын

Хабар 24 телеарнасы