384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жер сілкінісінің қаупін анықтайтын карта жасалады

  • 189
  • UPD: 17:04, 12.11.2019
Алматыда жер сілкінісінің қаупін анықтайтын карта жасалады

Алматыда жер сілкінісі қаупін анықтайтын карта жасалады.

Бұл туралы 12 қарашада өткен брифингте қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтты, деп хабарлады krisha.kz.

«Келесі жылы біз жер сілкінісі салдарларынан болатынын қауіп-қатерлерді анықтайтын карта жасауды жоспарлап отырмыз. Екі жыл ішінде біз ғимараттар мен құрылыстарды, көп пәтерлі тұрғын үйлерді сертификаттаудан өткіздік. 1960-1970 жылдары салынған нысандар көп жағдайда жер сілкінісіне төзімді екендігін көрсетеді. Бірақ 308 сериялы кірпіш ғимараттар бар, олар қазіргі стандарттарға сәйкес жер сілкінісіне төзімді емес. Оларды қайта құру қажет. Жер сілкінісі кезінде олар адамдарға үлкен қауіп төндіреді», - деді ол.

Ахмеджановтың айтуынша, 2020 жылы басқарма сайтында қаланың қауіпсіз және қауіпті ғимараттары туралы ақпарат шығады.

«Ол адамдар үйді қайта құру немесе қайта жабдықтау қажет пе екенін білу үшін қажет», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы