384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында қызылшамен ауырғандар саны 700-ден асты

  • 176
  • UPD: 09:39, 13.11.2019
Атырау облысында қызылшамен ауырғандар саны 700-ден асты

Жыл басынан бері Атырау облысында қызылша ауруына шалдыққан 700-ден астам дерек тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкінішке қарай, оның жартысына жуығы 14 жасқа толмаған балалар. Аурудың таралуын төмендету мақсатында биыл 8 мың 800 балаға, аталған дертке шалдыққандармен қарым-қатынас жасаған 500-ден астам тұрғынға және 3 мыңға жуық медицина маманына қызылшаға қарсы вакцина егілді. Сонымен бірге, Атырау облысы тұрғындарының иммунитетін күшейту мақсатында 40 мыңнан астам адамға қызылша мен қызамыққа қарсы медициналық алдын алу шаралары жүзеге асырылды.

Рысжан Таубаева, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілі:

– 20 мен 29 жас аралығындағы тұрғындарды вакцинациялау шарасы азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша жүзеге асырылуда. Ал вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар егілу мерзіміне қарамастан, жұмыс орны бойынша аталған медициналық процедурадан өтулері тиіс.

Хабар 24 телеарнасы