384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұрынғы полицей пара алғаны үшін 2 млн тг айыппұл төлейді

  • 137
  • UPD: 12:07, 13.11.2019
Бұрынғы полицей пара алғаны үшін 2 млн тг айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық полиция басқармасының тергеушісі Диханов ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, заңсыз жолмен 80 мың теңге алғаны үшін, пара көлемінен 25 есе айыппұл салынды, деп хабарлады Елорда Инфо.

Айыппұл 2 млн теңгені құрады және мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Диханов бұдан бөлек Полиция лейтенанты атағынан да айырылды.

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы елордалық департаменті қызметкерлері ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою аясында Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесуі барысында атап өтті.

Кездесу барысында департамент қызметкерлері және арнайы мониторингтік топтың төрағасы Шавкат Исмаилов адалдық құндылықтарын қалыптастыру және қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған алдын алу шаралары туралы, сонымен қатар «Астана – адалдық алаңы жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен халықтың бірлескен жұмыстары жөнінде кеңінен тарқатты.

Хабар 24 телеарнасы