384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «ақылды» автотұрақ жобасы тағы да кейінге қалдырылды

  • 176
Шымкентте «ақылды» автотұрақ жобасы тағы да кейінге қалдырылды

Шымкентте «ақылды» автотұрақ жобасы тағы да белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл істі қолға алғандар 1 жарым жылдан бері мұны жүзеге асыруға талпынып келеді. Бір кездері «ақылды» автотұрақты мегаполисте пилоттық негізде сынап көрген болатын. Содан соң олар қала көшелерінен алынып тасталды. Жоба жетекшісі Мұрат Әбдүлменовтің мәлімдеуінше, автотұрақты дайындауға 20 миллион теңге қаржы жұмсапты. Алайда кәсіпкер осы істі атқару барысында мемлекеттік орган тарапынан түрлі қағазбастылық кедергілерге тап болғанын айтады. Бастапқыда жобаны Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қолдап, жобаның 49% иелік етіпті. Олар «ақылды» тұрақ үшін 20 жер учаскесін де жалға алған. Мұны қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы да растап отыр. Арна тілшілері автотұрақтардың ендігі жайы не болатыны туралы «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына сұрау салып еді, олар жауап беруден бас тартты. Телеарна атынан да ресми хат жолданғанымен, әзірге жауап болмай тұр. Жалпы шаһарда 230 мыңнан астам көлік тіркелген. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, бұл көліктердің тиісті тұрақпен қамтамасыз етілу деңгейі 10 проценттен де төмен.

Мұрат Әбдүлменов, жоба жетекшісі:

- Негізінен бұл автотұрақтар жарты жыл бұрын іске қосылуы керек болатын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тарифке бағаға қатысты сұрақ туындап уақытынан кешікті. Осындай себептер өте көп. Енді мемлекеттік органдар қолға алыңдар десе, біз дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы