384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Егемен Қазақстан» газетінің алғашқы мұқабалары мен беттері электронды нұсқаға көшірілді

  • 213
  • UPD: 15:27, 15.11.2019
«Егемен Қазақстан» газетінің алғашқы мұқабалары мен беттері электронды нұсқаға көшірілді

Биыл «Егемен Қазақстан» газеті 100 жылдығын атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғасыр жасаған республикалық басылым мерейтой аясында талай іс-шараға ұйтқы болды. Мамандар газеттің 1919 жылдан бері шыққан әр санын түгендеуге кірісті. Қазір газеттің алғашқы мұқабалары мен беттері цифрлы жүйемен реттеліп, электронды нұсқаға көшірілді. Олар қалың оқырманға қолжетімді болу үшін сайттарға салынады. Газеттің цифрлы архиві 21 қарашада «100 жылдық жылнама» деген атпен көпшілікке таныстырылады. Бұл туралы бүгін Еуразия ұлттық университетіндегі ғылыми конференцияда басылым басшылары айтты. Жиында филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашевтың бастамасымен жарық көрген көптомдық кітап та көпшілік назарына ұсынылды. «100 жылдық жылнама» деп аталған жинақ «Егемен Қазақстан» газетінің бір ғасырлық шежіресінен сыр шертеді. Бүгінде кітаптың алғашқы бес томы шықты. Жинақ 1919-1970 жылдар аралығындағы дәуір айнасын, уақыт тынысын тап басып көрсетеді. Сонымен қатар кітапта Сәкен Сейфуллиннің сараптамалық мақалалары мен Бейімбет Майлиннің газет бетінде жарық көрген әңгімелері бар.  

Намазалы Омашев, филология ғылымдарының докторы:

– Газеттің бүкіл ғұмырын, бастан кешкендерін түгел бір жүйеге келтіру үшін бірнеше жерден деректер жинау арқылы көз майын тауысып табасың. Айталық, 1922 жылды табуда мен өте қатты қиналдым. Өзіміздің республикадан емес, Ленинградтан, Мәскеуден қарастыруға тура келді. Міне, осындай дайындықтардың арқасында ғана осы бес томдық шықты.

Хабар 24 телеарнасы