376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар жыл сайын 20 миллиард текше метр су тұтынады

  • 241
  • UPD: 19:18, 15.11.2019
Қазақстандықтар жыл сайын 20 миллиард текше метр су тұтынады total.kz

Құрғақшылық қаупі төніп келеді.

Бүгін Алматыда өткен тағы бір жиын, дәлірек айтсақ, БҰҰ-ның қолдауымен ұйымдастырылған алғашқы аймақтық саммитте осындай мәселе көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл сайын қазақстандықтар 20 миллиард текше метр су тұтынады екен. Соның 70%-ке жуығын фермерлер пайдаланады. Егер үнемге көшпесек, 2050 жылға қарай су тапшылығы 3 есеге артуы мүмкін көрінеді. Сосын бұл мәселе бір ғана біздің елде емес, оңтүстіктегі көршілес елдерде де бар. Яғни, Орталық Азияға ортақ дүние. Сондықтан мамандар халықаралық арнайы жоба құруды ұсынды.

Ерлік Қаражан, ҚР Ұлттық экономика министірлігінің  штаттан тыс кеңесшісі:

- Бұл күрделі мәселені бір мемлекет өзі шеше алмайды. Сондықтан біз халықаралық деңгейде институционалдық база құруды ұсынып отырмыз. Ол үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз керек. Су – тауар емес, бұл өте маңызды ресурс екенін түсінуіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы