384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Әлмерек баба кесенесінің жаңа бас жоспары таныстырылды

  • 199
  • UPD: 08:34, 16.11.2019
Алматыда Әлмерек баба кесенесінің жаңа бас жоспары таныстырылды

Қазақ жерінде болған Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халқына пана болған батырларымыздың бірі Әлмерек Жаншықұлұлының туғанына биыл 360 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абыз тұлға тарихын зерттеп, жазып жүрген ғалымдар мен жазушылар Алматыда бас қосты. Ғалымдар үйінде өткен «Рухани жаңғыру және ұлы даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда Әлмерек баба туралы көптеген тарихи деректер айтылды. Тәуке ханның тұсында өмір сүрген Әлмерек баба екі ғасырдан астам уақытқа созылған жоңғар-қалмақ шапқыншылығында бірнеше мәрте қол бастап, көпшілікті бір ту астына жинай білген. Тарихшылар оның әсіресе, қалмақтардың қол астында 20 жылдай бодандықта болған ру-тайпаларды азат етудегі ерлігін ерекше атап өтті. Жиында сондай-ақ, Алматы іргесіндегі Іле ауданында орналасқан Әлмерек баба кесенесінің жаңа бас жоспары таныстырылды. 

Таласбек Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Ал енді жаудың қол астында, жауға салық төлей отырып, оған қарсы партизандық түрде астыртын сарбаз отрядтарын ұйымдастыру, жаудың қол астында отырып, жауға қарсы соғысып, «батыр» атану деген ол енді басқа мәселе. Ол ерліктің ерлігі деп ойлаймын.

Нұрлан Оразалин, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері:

– Абыз деген сөз екінің біріне беріле бермейді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озған кәдімгі ақылы сол елге ту болған, ақылы елге қанат бітірген, пана болған тұлғаларға беріліп отырған.

Хабар 24 телеарнасы