422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі істер министрі Олеся Кексельдің ісіне қатысты пікір білдірді

  • 685
  • UPD: 14:12, 18.11.2019

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің Бас прокуратурасына бір адам шағымданып, өзіне қатысты іс кезінде Кексельдің тергеуге жатпайтын әдісті қолданғанын айтқан. 

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрі:

– Қазіргі уақытта Тергеу департаменті тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кексельге айып тағылған жоқ, бұлтартпау шарасы да қолданылмады. Ол тергеу амалдарынан жасырынып жүрген жоқ. Тексеру жұмыстары жүріп жатқандықтан, ол қызметкер туралы ақпараттарды жариялай алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы