384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас қалада Травматология және ортопедия ҒЗИ жаңа ғимарат салынады

  • 176
  • UPD: 14:35, 19.11.2019
Бас қалада Травматология және ортопедия ҒЗИ жаңа ғимарат салынады

Нұр-Сұлтан қаласында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жаңа ғимараты салынады.

Бұл туралы өзінің twitter-дегі парақшасында ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов хабарлады.

«Президент Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жаңа ғимараты салынатын болады», – деп жазды ол.

Мұның алдында елордадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-ге барған Мемлекет басшысы үкіметке орталықты күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа ғимараттар салу мәселесін шешуді тапсырғанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы