386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық студенттер жоғары оқу орнында оқып жүріп, кәсіпкерлікпен айналыса алады

  • 182
Талдықорғандық студенттер жоғары оқу орнында оқып жүріп, кәсіпкерлікпен айналыса алады

Талдықорғандық студенттер ЖОО-да жүріп-ақ кәсіпкерлікпен айналысып, білімін жетілдіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлімі ашылды. Онда кәсіп ашқысы келетін тәлімгерлерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Яғни заңдық тұрғыда кеңес беріліп, бизнес бастамалар жүзеге асырылмақ. Өз ісін ілгерлетіп, мемлекеттік жеңілдіктерді алу және мақсатты пайдалану жолдары үйретіледі. Инновациялық идеяларды дамытып, инвестор тарту көзделіп отыр. Белгіленген кестеге сай білікті мамандар көпшілікке семинар кеңес өткізеді. Бұндай орталықты ашудың өзіндік себебі бар. Өйткені бүгінде 100 стартап жобаның тек 5-еуі ғана нақты іске асады екен. Қалғандары білім мен тәжірибенің жетіспеуінен орта жолда тоқтап қалады. Білім ордасындағы бөлім осы олқылықтың орнын толтыруға ықпал етпек.

Назгүл Жайлаубаева, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті:

– Жобам – аса қауіпті аймақта өрт сөндірудің алдын алу құрылғысы. Бұл менде робототехника құрылғысы болып келеді. Осы жобамды іске асыру барысында мен стартап академия жобасында «Атамекен» офисінде бізге білім беріп жатыр. Сонымен қатар бизнес жоспарды қалай құру керек, қиындықтан қалай құтылу керек екені айтылуда.

Дәурен Оңалбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы АОФ директорының орынбасары:

– Жас кәсіпкер жобасы бойынша Алматы облысында 1300 адам оқудан өтті. 453 мемлекеттік грантқа ие болып, өздерінің бизнестерін бастап отыр. Болашақта осы жоба арқылы жас кәсіпкерлердің санын көбейтуге ықпал етеміз.

Хабар 24 телеарнасы