422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 105 жастағы ҰОС ардагері өмірден өтті

  • 1291
  • UPD: 17:20, 21.11.2019
Оралда 105 жастағы ҰОС ардагері өмірден өтті

Оралда Ұлы Отан соғысының ең қарт ардагерлерінің бірі, 105 жастағы Семён Акимович Данилин қайтыс болды.

Қызыл жұлдыз орденінің иегері, Днепр, Курск шайқастарына және Украина мен Польшаны азат ету шайқастарына қатысқан ардагер Жеңістің 75 жылдық мерейтойын көре алмай өмірден өтті.

Соғыстан кейін ол Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерінде қызмет етті, полковник дәрежесімен зейнетке шықты.

Хабар 24 телеарнасы