427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «Береке басы – бірлік» форумы өтті

  • 1069
  • UPD: 15:44, 22.11.2019

«Шырайлы Шымкент: Береке басы – бірлік».  Шымкентте «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделген қоғамдық форум өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қатысып, ашық пікір алмасты. Шырайлы қаланың даму перспективалары сөз болды. Шараның басты мақсаты – елдіктің іргесін бекітіп, теңдіктің тұғырын нығайту. Халық арасындағы өзекті мәселелердің шешімін табуды көздейді. Ұлт бірлігін ойлағанда қайда табан тіреп, нені басшылыққа алуымыз керек деп өз ойларын ортаға салған ел ағалары, қашан да мұндай игі бастамаларға қолдау көрсететіндерін айтты. Форум аясында қолөнер бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылды.

Мархабат Байғұт, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:

– Біздің елдің мәңгілік стратегиясы бірлік қой. Бірлік, татулық, тұрақтылық ынтымақ. Үшінші мегаполис үшін, Шымкент үшін келесі жылы ТМД елдері бойынша мәдени астана болатын шаһар үшін үлкен бастама деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы