386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбек-қазақ дәрігерлері өзара тәжірибе алмасады

  • 120
  • UPD: 13:53, 22.11.2019

Ташкент қаласында қазақстандық медицина күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

21-22 қараша аралығында көрші Өзбекстанға денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 150-ден астам делегат сапармен барады. Шара екі мемлекеттің денсаулық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Оның аясында тараптар өз тәжірибелерімен, инновациялық және технологиялық жетістіктерімен алмасады. Ауқымды шара «Өзбекстандағы Қазақстан жылы» шеңберінде өткізіліп отыр.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Өткен жылы екі мемлекеттің денсаулық сақтау министрліктері ынтымақтастықтың жол картасына қол қойды. Қазірдің өзінде ақпарат, студенттерді алмасу, жоғары технологияны енгізу бойынша жетістіктерге қол жеткіздік. Алда денсаулық сақтау саласын цифрландыру мен медициналық генетика, биотехнология бойынша әріптестікті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты екі елдің ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындары 20-ға жуық меморандумға қол қоймақшы.

Хабар 24 телеарнасы