378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда тәлімгерлер одағы құрылады

  • 249
  • UPD: 15:24, 23.11.2019

«Табысқа бірге». Осындай атаумен елімізде алғаш рет менторлар мен ментилардың форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға «Kazbrands» қоғамдық қоры ұйытқы болды. Олар осыған дейін республиканың барлық аймағында жастармен кездесу, семинар-тренингтер және көшпелі шаралар өткізген.

Соның нәтижесінде тәлімгерлер мектебі ашылды, оқу бағдарламасы жасақталды. Бастамашы топ енді елімізде тәлімгерлер одағын құруды жоспарлап отыр.

Маңызды мәселелер мадиықталған жиында алдымен елге танымал тұлғалар сөз сөйледі. Олар жарты жылдан бері жастардың жігерін жанып, оларды қанаттандырып келеді. Арасында депутаттар, тележүргізушілер, кәсіпкерлер және өзге де табысты адамдар бар. Форум «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – жастарды кемел келешекке беттету.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің Елбасымыз биылғы 2019 жылды Жастар жылы деп атады. Бұл – болашақты ойлағанымыз. Қасым-Жомарт Тоқаев Президентіміз 2020 жылды Волонтерлер жылы деп атады. Бұл не? Түптің-түбінде бұлар да жастар. Жастарсыз болашақ жоқ.

Осыған дейін еліміздің әр аймағында білікті тәлімгерлердің қатысуымен 200-ден аса шара өткізілген. Нәтижесінде менторлар мектебі құрылды, оқу бағдарламасы жасақталды. Тәлімгерлер өз шәкірттерін батыл қадам жасауға, елі үшін ерінбей еңбек етуге үндеп жатыр.

Жаңылбике Қайкенова, қоғамда менторлықты дамыту жобасының жетекшісі:

Алдына мақсат қоя білген адам ғана табысқа жете алады. Осы жоба арқылы біз шалғай ауылдарға барып, жастармен кездесуге мүмкіндік алдық. Оларды жарқын болашаққа ұмтылуға шақырдық. АҚШ-та тәлімгерлік тәжірибе мектеп кезінде қолданылады. Меніңше, Қазақстанда да мұны жасауға болады.

Бастамашы топ Қазақстан енді тәлімгерлер одағын құруды жоспарлап отыр. Оның жетекшісі Бауыржан Қасымбергебаев болады. Халық қалаулылары бұл бастаманы қолдап отыр. Олардың арасында Бақытжан Ертаев, Майра Айсина, Альберт Рау, Арман Қожахметов сынды елге танымал адамдар бар.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы