379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таяуда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға рұқсат беріледі

  • 335
  • UPD: 14:27, 26.11.2019
Таяуда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға рұқсат беріледі

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, қаулы Үкіметке жолданып, оны барлығы қолдаған. Мемлекеттік органдар орналасқан ғимарат иелері полиция органдарымен бірге нұсқаулыққа қол қоюы тиіс. Осыдан кейін ғана мемлекеттік қызметкерлер ғимаратта смартфондарды қолдана алады.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі назардан тыс емес екенін түсіну қажет. «Әрине, ақпараттық қауіпсіздік бұл – мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы