423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында интернет контентті дұрыс жасақтау талқыланды

  • 501
  • UPD: 23:36, 26.11.2019

Алматы облысының Шонжы өңірінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында ақпараттық тур өтті.

Онда негізінен аудандық әкімдік қызметкерлері мен әлеуметтік желінің танымал қолданушыларына жедел ақпарат беру жолдары, қоғамдық пікір мен ойын-сауық контентін қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.  «Жаһандық желі қарыштап дамыған қазіргі заманда бұл үлкен мән беретін бағыттың бірі болып қала береді. Сонымен қатар әр блогер өз құқығын жетік білуі тиіс» дейді шараны ұйымдастырушылар. 

Серік Мәмбетов, «Матрица» сайтының бас редакторы:

- БАҚ және әкімшіліктегі жұмыс істеп жатқан сотрудниктерге арналған семинар-тренинг. СКЛ Оның мақсаты – ертең мына қыздар-жігіттер біраз нәрсе біліп, үйреніп алса, ол жалпы тұрғындармен қарым-қатынасты дұрыстап нығайту керек. Әсіресе сол әлеуметтік желіде. Қазір бәрімізге белгілі ғой әлеуметтік желі бәрімізге керекті құрал. Негізгі құрал десек болады.

Хабар 24 телеарнасы