376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару тәртібін түсіндірді

  • 239
  • UPD: 14:36, 27.11.2019
Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару тәртібін түсіндірді

Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасы үшін ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесін түсіндірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Онсыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға сұрау салу мүмкін емес.

«Соттың соңғы отырысы қыркүйек айында болған. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Біз соны күтіп отырмыз. Соттың шешімі шыққаннан кейін экстрадициялауға болады. Тәртіп бойынша оның туған-туыстары бас прокуратураға Ақжарқынды экстрадициялау туралы өтініш хат жолдайды. Соның негізінде бас прокуратура Қытайдағы контр әріптестерге сұрау салады. Олар өз кезегінде сотталған адамды бере ме, жоқ па, өздері шешеді. Оң шешім болса, экстрадиция жасалады», – деді Нұрышев сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылғаннан кейін оның ісін Қазақстанның соты қарайды. Себебі екі елдің заңнамасы екі бөлек және қылмыс үшін берілетін жаза әртүрлі.

«Иә, жазаның мерзімі өзгеруі мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың заңнамасы бір-біріне ұқсамайды. Бір қылмыс үшін әртүрлі жаза беріледі. Сондықтан бұл жерде ол өз жазасын Қазақстанның заңнамасы бойынша өтеуі тиіс», – деп атап көрсетті Нұрышев.

Хабар 24 телеарнасы