419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұңғыш Президент күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемақы беріледі

  • 1218
  • UPD: 16:16, 27.11.2019
Тұңғыш Президент күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемақы беріледі elorda.info

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай әлеуметтік төлемдер әлеуметтік осал санатқа жататын қала тұрғындарына көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы елордалықтар жәрдемақы алады.

«Бұл санатқа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен адамдар кіреді. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% ретінде анықталады. Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, елордада кедейлік шегі 25 398 теңге деңгейінде белгіленді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшері 4,5 АЕК немесе 11 363 теңгені құрайды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы