427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Заңсыз автоматтарды Lotomatic электронды лотерея ұтыс ойындары ығыстыра бастады

  • 1112
  • UPD: 19:53, 27.11.2019

Елімізде заңсыз жұмыс істеп келген ойын автоматтары азайып, оларды Lotomatic электронды лоторея ұтыс ойындары ығыстыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жоба осы жылдан бастап іске қосылды. Ең бастысы, бұл ұтыс ойындары заңды. Одан түскен қаржының 15%-і еліміздегі спортты дамытуға жұмсалады.

Қазақстанның қаржы мониторингі комитеті заңсыз ойын бизнесіне қарсы күресті мықтап қолға алды. Соңғы 10 айдың өзінде елімізде мыңнана аса ойын автоматтары тәркіленген. Олардың дені Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы және Ақтөбе облыстарында қойылыпты.

Арман Жүнісов, ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің бақ жұмыс жасау басқармасының жетекшісі:

- Биыл Алматы қаласы мен Ақтөбе және Қызылорда облыстарында үш қылмыстық топ құрықталды. Ал, жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 37-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізімінде 303 іс тіркелді.

Алуа Маханбет, тілші:

- 2019 жылдың мамыр айынан бастап «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотерея операторы Lotomatic атты мынандай терминалдарға электронды ұтыс ойынын іске қосты. Оны ойнау да жеңіл. Әдеттегі қағаз билеттерінің орнына ойыншы енді виртуалды лотерея сатып алып, оның сәтті не сәтсіз шыққанын мониторда анықтай алады.

Виктор Кузеванов, Lotomatic компаниясының бас директоры:

- Әрбір лотореядан түскен табыстан біз мемлекетке салық төлейміз. Сондай-ақ табыстың 15%-ін еліміздегі спорттың дамуына жұмсаймыз. Бұл – әділ ойын. Біз оның нәтижесіне әсер ете алмаймыз. Сондай-ақ ойыншының кәмелет жасына толуын қатаң қадағалаймыз. Ұтыс шыққан болса, ақшаны алу үшін ол міндетті түрде өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету керек болады.

Сары-көк түсті Lotomatic терминалдарында оның заңды екенін айғақтайтын бірнеше белгілері бар. Яғни, логотиптің, терминалдарды жекелендіретін нөмірдің және QR кодының болуы шарт. Ал сатылған билеттер саны мен ұтыс көлемі туралы ақпарат лотереяның есептілік орталығында сақталады.

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев

 

Хабар 24 телеарнасы