424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің форумында өзекті мәселелер талқыланды

  • 808
  • UPD: 23:11, 29.11.2019

Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің облыстық форумы өтті. Мемлекет пен тұрғындар арасындағы ашық терезе жүйесін дамытуға ықпал етіп жатқан қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері өзекті мәселелерді көтерді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі- қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қалыптастыруға әртүрлі әлеуметтік топтарды, үкіметтік емес ұйымдар мен медиацияны және жергілікті жерлерде қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға бағытталған.

Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Әрине бүгінгі алаңда біз әр түрлі мәселелерді қарастырып отырмыз. Ең маңызды құрал ол медиация институты. Осы медиация арқылы біздің қарапайым адамдар өзінің түсініспеушіліктерін, мәселен жұмыс беруші мен жұмысшының арасында туындаған жағдайлар болып қалса медиаторлар бұл жағдайларды шешеді.

Қазір елімізде 4000 ға жуық медиатор маман бар. Оның 900 ден астамы кәсіби медиатор. Қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің берген мәліметіне сүйенсек, биыл жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында туындаған 2 мыңғ жуық мәселе медиация институтының көмегімен шешілген.

Орынбек Айтпенбетов, Приозерск қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

- Осы қоғамдық келісім аясында ақсақалдар кеңесі бар, аналар кеңесі бар. Біздің Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестері халық арасында алтын көпір деп айтуға болады. Бұл бұдан әріде жалғаса бермек.

Сонымен қатар кеңестер қызметінің тиімділігін зерделеу мақсатында ағымдағы жылы алғаш рет Қоғамдық келісім кеңестері арасында облыстық байқау өткізілді. Аталған байқауға Приозерск, Сәтпаев, Ұлытау, Бұқар жырау аудандарынан жеті қоғамдық келісім кеңесі қатысты.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы