427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы ыстық су көздеріне он айда 61 мың адам саяхаттап барған

  • 2868
  • UPD: 13:06, 02.12.2019

Алматы облысының Шонжы өңіріндегі ыстық су көздері өткен 10 айдың ішінде 61 мыңнан астам саяхатшыны қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйғыр ауданында қазір 51 демалыс үйі жұмыс істеп тұр. Олар жыл басынан бері 350 млн теңгенің қызметін көрсетті.

Тұрғындар арасында «600 метр тереңдіктен шығатын, емдік шипасы мол минералды ыстық суға түсу маусымы қараша мен наурыз аралығы» деген қате пікір қалыптасқан. Ал өркениетті елдерде мұндай туристік нысандар жыл он екі ай бойы қызмет көрсетеді. Ол үшін жаз мезгілінде бассейндегі ыстық су суытылады.

«Шонжыдағы демалыс орындары алдағы уақытта сондай жүйе бойынша жұмыс істей бастайды деген сенімдеміз», - дейді мамандар.

Бақыт Мерекенова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бұл ыстық су, жаңағы жерден шыққан ыстық су буын ауруларына және басқа да осы ауруларға өте тамаша шипа. Артроз сияқты буын ауруларына мың да бір ем болатын су мынау. Соны көбі біле бермейді. Сондықтан біз жыл сайын келуге тырысамыз ыстық су көздеріне.

Жанар Алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Жаңа жылға дейін Ұйғыр ауданындағы ыстық су көздеріне келушілердің саны 72 мыңға жетеді деген болжам бар. Шонжыдағы демалыс орындарының қожайындарымен біз өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Соның арқасында көбі қыста ғана емес, жыл бойы қызмет көрсетуге көше бастады. Сондықтан мұнда келушілер қатары арта түспесе, кемімейді.

Хабар 24 телеарнасы