376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында көктайғаққа байланысты жол жабылды

  • 527
  • UPD: 12:37, 04.12.2019
Қарағанды облысында көктайғаққа байланысты жол жабылды

Қарағанды ​​облысында 4 желтоқсанда сағат 07:40-тан бастап ауа-райының нашарлауына (көктайғақ) байланысты кейбір көліктердің жолға шығуына шектеу жасалды.

Алматы-Екатеринбург (Қарағанды – Ақсу– Аюлы) республикалық маңызы бар автомобиль жолында дизельдік, жүк және қоғамдық көліктердің жүруіне  шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазақавтодор» ЖШС мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа-райы өзгерістерін, ауа-райы туралы хабарламаларды бақылап отыруға кеңес берді. Төтенше жағдайға тап болған кезде 112  құтқару қызметіне қоңырау шалу керектігін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы