378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Менің Қазақстаным» атты патриоттық өлеңдер байқауы өтті

  • 365
  • UPD: 23:31, 06.12.2019

Қарағандыда Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным» атты патриоттық өлеңдер байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл байқауды медициналық университетінің студенттері жыл сайын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырады. Шығармашылық кешке қаланың бірқатар жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Орындаушылық шеберлігі, әртістік өнер, репертуардың өзіндік ерекшелігі – қазылар алқасы осы талаптармен шектеліп қалған жоқ. Олардың арасында концерт ұйымдастырушылары, кәсіби әншілер мен продюсерлер де болды. Сондықтан қазыларды таңқалдыру үшін студенттерге тек қана вокалдық шеберлігімен шектелмей, қойылымдарын ерекше сомдауға да мүмкіндік берілді.

Адина Игембаева, «Конферансье» үйірмесінің  жетекшісі:

- Бұл жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық намысты қалыптастыру болып табылады. Жас ерекшеліктеріне ешқандай шектеу болған жоқ, яғни Қарағанды облысы бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердің барлығы қатысу мүмкіндігін алды.

Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық өлеңдер байқауын болашақ дәрігерлер жыл сайын ұйымдастыруда. Биыл байқау көкжиегін кеңейтті: қаламыздың 7 бірдей жоғарғы оқу орны бәйгеге түсті.

Аяжан Олжабаева, байқауға қатысушы:

- 1 ай көлемінде күнде сабақтан соң қалып, студенттер сарайында белсене дайындалдық. Біз «Жастар» вокалдық студияда ән айтып, ал хореографтармен бірлесіп, би жағын да дайындадық.

Сахнада шырқалған әр ән Тәуелсіз Қазақстанның рухани құндылықтары мен Отанға деген сүйіспеншілікке арналған. Байқауда 1-орынды «Өсиет» әнімен медицина университетінің студенті Есенғұл Айғаным жеңіп шықты. «Самға» әнімен экономикалық университеттің студенті Меней Жұлдыз байқаудың гран-при жүлдегері атанды.

Авторлары: Айнұр Әбдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы