380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында прокурорлар 450 мыңға жуық адамның құқығын қорғады

  • 200
  • UPD: 09:21, 07.12.2019
Түркістан облысында прокурорлар 450 мыңға жуық адамның құқығын қорғады

Жыл басынан бері Түркістан облысының прокурорлары 450 мыңға жуық азаматтың құқығын қорғаған.

Оның ішінде 74 мыңы кәмелетке толмағандар, 8 мыңы кәсіпкерлер. Сонын нәтижесінде 2 мыңнан аса жұмысшыға 45 млн теңге жалақы төленген. Бұл туралы жыл қортындысы бойынша журналистерге есеп берген облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров мәлімдеді. Нұрғалым Мәжитұлының айтынша, жыл басынан бері мемлекетке құны 2 млрд теңгеден асатын пайданылмай жатқан жер учаскелері қайтарылыпты. Оған қоса, мемлекет пайдасына 800 млн теңгеден аса қаражат өндірілсе, 40 млн-ға жуық әкімшілік айыппұлдар төленген. Өзекті мәселені зерделеу мен оны шешу мақсатында прокуратура жанынан консультативтік кеңес құрылды. Соның нәтижесінде өңірде заң бұзушылық пен қылмыс саны азайған.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша қылмыс деңгейі 24 пайызға, қарақшылық 23, тонау 33, ұрлық 32, және алаяқтық 14 пайызға төмендеген.

Нұрғалым Әбдіров, облыс прокуроры:

-1 жылдың ішінде көп жұмыс істелінді. Заңды бұзған 2 мыңға жуық лауызымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Оның 5-уі қылмыстық жазаға тартылды. Ендігі жылға да көп жоспарлар құрып отырмыз. Президенттің берген тапсырмалары бар, бас прокурордың берген тапсырмалары бар. Ол - көлеңкелі бизнеске қарсы жұмыс. Сол бойынша арнайы біз топ құрдық. Жоспар жасадық. Нәтижесін жариялап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы