419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

G-Global хатшылығы «Гармония» халықаралық қорымен меморандумға қол қойды

  • 669
  • UPD: 18:06, 08.12.2019

G-Global  хатшылығы «Гармония» халықаралық қорымен және ұлттық мәдени-өнеркәсіптік инвестициялық корпорациясымен сондай-ақ халықаралық мәдени-ғылыми орталықпен меморандумға қол қойды.

Құжат елордада өткен «Бір белдеу, бір жол» екінші форумында көрсетілген жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Тараптар халықаралық жобаларды іске асыруға және мәдениет пен өнер, спорт салаларына инвестиция тартуда күш біріктіруге уағдаласқан. Бұдан бөлек Мальта үкіметімен бірлесіп, келер жылдың қыркүйегінде мәдениет тақырыбында жаһандық конгресс өткізу жоспарлады.

 Мұрат Кәрімсақов, G-Global хатшылығы басшысының орынбасары:

- G-Global халықаралық жобасының мақсаты халықаралық Гармония қорының мақсатымен ұқсас. біздің бағытымыз бір. Сондықтан халықаралық дилог алаңдарын ұйымдастырып, азаматтық және сарапшылар қауымдастығымен экономикалық әлеуметтік салада ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз.

Хабар 24 телеарнасы