376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда жастары сыйлығы: Көлгінов үздіктерді марапаттады

  • 235
  • UPD: 18:21, 08.12.2019

Елордада үздік жастар марапатталды. Ауқымды шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға қатысуға мыңнан астам өтініш қабылданған екен.

Қазылар алқасы солардың үздіктерін анықтады. Ақтық сынға жолдама алған үміткерлерге халық ғаламтор арқылы дауыс берді. Сөйтіп, 49 адам 15 номинация бойынша іріктелді. Жарыс жеңімпаздарына қала әкімі қаржылай сыйлық табыстады. 

Бақытжан Жүнісбеков, жастармен жұмыс бөлімінің басшысы:

- Жастар жылындағы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің атқарған жұмыстарын халық болып бағалап, жастарға лайықты өздерінің еңбегін қошеметін көрсету болып табылады. Енді 15 номинация бойынша ең басында мыңнан астам өтінімдер келді, 100-ден астам номинанттар халықтық дауыс беруге шықты. Бүгін 15 номинация бойынша 49 жас азаматтар өздерінің жетістіктерін көретін болады.

Хабар 24 телеарнасы