377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да ауыл тұрғыны 4,5 кг жуық есірткімен ұсталды

  • 222
  • UPD: 14:55, 09.12.2019
БҚО-да ауыл тұрғыны 4,5 кг жуық есірткімен ұсталды

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 4,5 кг жуық марихуанамен ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Бәйтерек ауданының 1972 жылғы тұрғыны ер адамға 37,25 грамм кептірілген марихуананы заңсыз сатқан.

Тінту кезінде ауласындағы шаруашылық құрылысынан 4356,99 грамм марихуана табылды. Оған қоса үйінен 73,64 грамм кептірілген марихуана шықты. Есірткінің жалпы салмағы 4430,63 грамды құрады.

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне (есірткі заттарын заңсыз өткізу) және 2-бөлігіне (сату мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы