417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жаңадан салынған пәтерлер қымбаттады

  • 468
  • UPD: 17:04, 10.12.2019
Елімізде жаңадан салынған пәтерлер қымбаттады

Статистика комитетінің мәліметінше, бір жылда Нұр-Сұлтанда жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер 10,2 пайызға қымбаттаған, деп хабарлады tengrinews.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Нұр-Сұлтаннан басқа Қостанай (17,2 пайызға) мен Оралда (12,5 пайызға) да пәтерлер қымбаттаған. Ал Павлодар (5,3 пайызға), Ақтөбе (4,4 пайызға), Көкшетау (4,2 пайызға), Семей (4 пайызға) және Шымкентте (3,1 пайызға) жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер аса қымбаттағай қоймағанын айтады мамандар.

«Қараша айының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтандағы жаңадан салынған үйлердегі пәтерлердің шаршы метрі 372 мың теңгеге, Алматыда шаршы метрі 357 мың теңгеге, Шымкент пен Атырауда 326 мың теңгеге дейін барған. Ал ең арзан деген пәтерлер Таразда, Петропавлда және Қызылордада (шаршы метрі 140-141 мың теңге)», - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Хабар 24 телеарнасы