429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы Ақтаудан Минскіге тұрақты әуе рейсі ашылады

  • 610
  • UPD: 08:23, 11.12.2019
2020 жылы Ақтаудан Минскіге тұрақты әуе рейсі ашылады

2020 жылы Ақтаудан Беларусь астанасына тұрақты әуе рейсі ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Авиарейс маусым айынан бастап іске қосылмақ. Жоба жүзеге асқан жағдайда қазақстандықтар Минск қаласына әуе жолымен қатынау мүмкіндігіне ие болады. Маңғыстау облысының орталығынан 8 ішкі және 16 халықаралық бағыттарға ұшақ ұшады. Аптасына бес рет Мәскеу, Ыстамбұл мен Бакуге тікелей әуе кемесі қатынайды.

Айта кетейік, Ақтау халықаралық әуежайы тасымалдаулар көлемі бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматыдан кейін үшінші орында тұр. Оның ұшу-қону жолағына 2013 жылы жөндеу жүріп, ұзартылған еді. Қазір тәулігіне отызға тарта ұшақ қабылдап, жөнелтіп келеді. Мұндағы аэровокзалға жылына екі мың жарымдай адам келеді.

Ерғазы Жолдасов, Ақтау халықаралық әуежайының атқарушы директоры:

Бүгінгі таңда бізге беларусь компаниясы аптасына үш рет тұрақты рейс ашуға ықпалын тигізіп отыр. Бұл енді маусым айынан басталады. Билеттер де сатылып басталған. «Ашық аспан» аясында бізге көптеген рейстер ашылады деп ойлаймыз. Араб Әмірлігіне баруға да келіссөздер жүргізгенбіз. Енді олар айтып отыр, біздің бағытқа 2021 жылы өздерінің мақсаттарын қойған.

Хабар 24 телеарнасы